Мұғалімдер жетістіктері » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мұғалімдер жетістіктері
Мектебіміздің ұлағатты ұстаздары
01
қыркүйек
2025
Мектебіміздің ұлағатты ұстаздары
Мектебіміздің ұлағатты ұстаздары Р.Кузембекова, А.Еркехожаева, Б.Султанбаева Білім күніне орай алған  марапаттарыңыз құтты болсын. Сіздерге шығармашылық табыстар тілейміз. Әрқашан еңбектеріңіз еленіп, биік шыңдарды бағындыра беріңіздер
"БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ"
21
тамыз
2025
"БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ"
Жамбыл облысы Меркі ауданының №34 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Кузембекова Райхан Жылбайқызы Қазақстан Республикасының  білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ" төсбелгісімен марапатталды.  Құттықтаймыз!
"Кәсіптік бағдар берудің үздік моделі"
21
мамыр
2024
"Кәсіптік бағдар берудің үздік моделі"
Білім алушыларға кәсіби бағдар беру бойынша тәжірибелерді анықтау және тарату мақсатында  өткізілген Облыстық “Кәсіптік бағдар берудің үздік үлгісі” байқауына қатысқаны үшін Меркі ауданы, №34 жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіптік бағдар беру педагогі Б.Қайратқызы “Сертификат” және “Алғыс хатпен” марапатталды.
республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы.
13
ақпан
2024
республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы.
1 дәрежелі диплом  Муртазаева Гульнара Бекеновна орыс тілі пәнінен мұғалімдерге арналған <Педстарт> республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы.
"Алтын тұғыр" олимпиадасының аудандық кезеңі
07
қараша
2023
"Алтын тұғыр" олимпиадасының аудандық кезеңі
"Зерделі" ақыл-ой дамыту жауапкершілігі шектеулі серіктесімен бірлесе отырып, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық "Алтын тұғыр" олимпиадасының аудандық кезеңінде бастауыш сынып мұғалімдері Туребаева Зоя Дарьябаевна І дәрежелі дипломмен, Мұсаева Гулназира Мұхтарқызы аудандық кезеңде ерекше көрсеткен жетістігі үшін грамотамен марапатталды. 
" Жабағылы-Манас" тау клубы қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен өткен курсқа қатысып, белсенділік танытқаны және тест тапсырмаларын орындап,  жоғары нәтиже көрсеткені үшін сертификат иеленді
05
сәуір
2023
" Жабағылы-Манас" тау клубы қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен өткен
#34 ЖОББМ " Жас эколог" үйірмесінің жетекшісі А.Еркехожаева " Жабағылы-Манас" тау клубы қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен өткен курсқа қатысып, белсенділік танытқаны және тест тапсырмаларын орындап,  жоғары нәтиже көрсеткені үшін сертификат иеленді.Сонымен бірге " Жанды құрал" көрнекілік кітабы мен күнтізбелік таратпа материалдарын сыйлыққа алып, үйірме мүшелеріне үлестірді. 
Волейбол жарыс
26
қаңтар
2023
Волейбол жарыс
№ 34 жалпы орта білім беретін мектебінде  30 жыл еңбек еткен бастауыш сынып мұғалімі Әлімқұлова Багила Төреқызын еске алу кешінде аймақтық волейболдан өткен жарыста ІІІ орын иеленгенн № 34 жалпы орта білім беретін мектебінің қатысушылары иеленді.
"Парасатты педагог"
23
қаңтар
2023
"Парасатты педагог"
#34 ЖОББМ  Халықаралық "Өрлеу-өркендеу" ғылыми - ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген білім саласы қызметкерлері арасында өткен "Парасатты педагог" атты байқауында белсенділік танытып, сапалы білім беруде атқарып жүрген еңбегіңіз бен жұмыстарыңыз үздік деп танылғаны үшін Абдукадирова Ж.М. Алғыс хатын иеленді.
Абдукадирова Жанна Мухаметкалиевна
23
қаңтар
2023
Абдукадирова Жанна Мухаметкалиевна
#34 ЖОББМ Халықаралық "Өрлеу-өркендеу" ғылыми - ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен "Үздік педагог" үздік жұмысымен дәлелдеп, қоғам мен мемлекет өміріндегі білім беру жүйесінің маңыздылығын арыттыруға ықпал жасап, мәңгілік елдің жарқын болашағы жастардың шығармашылық қабілеттерін дамуына мүмкіндік туғызып, ұрпақ тәрбиесі жолындағы адал еңбегі үшін І-орын Дипломымен Абдукадирова Жанна Мухаметкалиевна марапатталды
"Шығармашыл педагог-2023" ІІІ Республикалық олимпиадасының жеңімпаздары
13
қаңтар
2023
"Шығармашыл педагог-2023" ІІІ Республикалық олимпиадасының
#34 ЖОББМ "Білім педагогикалық шығармашылық орталығы" "USTADY" аймақтық тесттілеу орталығы. "Шығармашыл педагог-2023"  ІІІ Республикалық олимпиадасына белсене қатысып І-ші, ІІ-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.