27
қаңтар
2025
“Балалардың жол-көліктен зақымдануының алдын алу” тақырыбында семинар-тренинг
Қаңтар айында психолог Г. Нұрмаханбетова мен әлеуметтік педагог А.Бексултанова 5- сынып оқушыларымен “Балалардың жол-көліктен зақымдануының алдын алу” тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі- ең басты байлық . Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай , жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді.
Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті.
![]() | ![]() | ![]() |