Іс-шаралар » Страница 54 » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлттық валюта күні
15
қараша
2021
Ұлттық валюта күні
№34 ЖОББМ-де 15 қараша "Ұлттық валюта" күні аталып өтті. 4-сынып жетекшісі З. Туребаева 4-5 сыныптарға "Ұлттық валюта - теңге" тақырыбында  сынып сағатын өтті. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп,төл теңгеміздің тарихы туралы білімдерін толықтырды.
5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
12
қараша
2021
5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада
12.11.2021 жылы №34 жалпы орта білім беретін 5-6 сыныптарға арналған Республикалық олимпиада өтті.Олимпиадаға 5-6 сынып оқушылары түгел қатысты.Онда білім алушылар  математика,Қазақстан тарихы,қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі және жаратылыстану пәндерінен тапсырды.Олимпиаданың барлық кезеңдеріндегі тапсырмалар бірдей. Тест саны-30,максималды балл-50.Тапсырмаларды орындау уақыты-60минут.
"мен және өмір" түзету сағаты
11
қараша
2021
"мен және өмір" түзету сағаты
№34 ЖОББМ бойынша 11.11.2021 жылы  психологиялық жағдайды нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын-алу күзгі айлығының  аясында 7- сынып жетекшісі Ж. Абдукадирова "Мен және өмір" тақырыбында  7-сынып оқушыларымен түзету сағатын өтті. Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген қызығушылықтарын, құштарлықтарын ояту. Түзету сағаты ның барысында 1."Өмірді не үшін сүйеміз" слайд. Бейнебаян , Сұрақтарға пікір, Топтас, ойлан, талқыла әдісітерін қолданып, постер жасатты. Оқушылар өз
Жамбыл Жабаев 175 жыл. Жүз жыл жырлаған жүрек әдеби кеш
27
қазан
2021
Жамбыл Жабаев 175 жыл. Жүз жыл жырлаған жүрек әдеби кеш
Ағымдағы жылдың 27 қазанында 34 жалпы орта білім беретін мектебінде Тұрлыбай батыр ауылының кітапханашысы Г. Омашева, мектеп кітапханашысы Г. Акимбекова және мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М. Сейткулованың ұйымдастыруымен рухты жыр -дастандарымыздың жыршысына айналған, "ХХ ғасырдың Гомері" жыр дүлдүлі, ғасыр ақыны, жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған  "Жүз жыл жырлаған жүрек" атты әдеби кеш өтті.
"Мен және менің таңдаған мамандығым" тақырыбында тренинг
08
қазан
2021
"Мен және менің таңдаған мамандығым" тақырыбында тренинг
№34 ЖОББМ мектеп психологы Нұрмаханбетова Г. А. 9-11 сынып оқушларымен "Мен және менің таңдаған мамандығым" тақырыбында тренинг өтті. Мақсаты: Оқушыларды болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру. Таңдаған мамандыққа деген құштарлығы мен сүйіспеншілігін ояту.
"Психогеометрия"-өзін-өзі тану " тақырыбында  тренинг
08
қазан
2021
"Психогеометрия"-өзін-өзі тану " тақырыбында тренинг
№34 ЖОББМ мектеп психологы Нұрмаханбетова Г. А. 9-11 сынып оқушларымен "Психогеометрия"-өзін-өзі тану " тақырыбында  тренинг, сауалнама жүргізді. Мақсаты: Оқушыларға геометриялық фигуралардан" Бұл-мен" деуге тұрарлық  фигураны таңдату арқылы бала бойындағы психологиялық қасиеттерін анықтау. болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру.  Бойларындағы жағымды, жағымсыз қасиеттері мен сол қасиеттерге лайықты жанына жақын мамандық түрлерімен таныстырып, ақыл-кеңес берілді.
"Мен қаладым"  саралаушы диагностикалық сұрақтамасы
07
қазан
2021
"Мен қаладым" саралаушы диагностикалық сұрақтамасы
№34 ЖОББМ мектеп психологы Нұрмаханбетова Г. А. 9-сынып оқушыларынан  Е. А. Климов әдістемесі "Мен қаладым"  саралаушы диагностикалық сұрақтамасын жүргізіп. Оқушыларға әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екендігін оларды 5 топқа бөліп қарастыратыны жөнінде,  балалардың  қызығушылығы  мен мамандықтың нақты бір типіне сәйкес атауларымен таныстырып, олардың жандары на сәйкес келетін мамандық түрлері туралы ақыл кеңес беріп өтті.
Ұстаздар күні
02
қазан
2021
Ұстаздар күні
Ұстаздар күні мерекесіне арналған "Ұстаз -ұлы есім" атты мерекелік концерт өтті. Іс -шараны құттықтау сөзімен мектеп директоры Е. Далиев ашып, ұстаздардың еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі. Мектеп оқушылары ұстаздар қауымына сапалы білім мен саналы тәрбие бергендері үшін алғыстарын айтып, керемет ән мен биден тарту етті.
Қарттар күнімен құттықтау
01
қазан
2021
Қарттар күнімен құттықтау
1-қазан қарттар күніне орай мектеп тәлімгері Жайлаубек А. мен "Жасұлан" балалар ұйымы мүшелері, 9-сынып оқушылары Тұрлыбай батыр ауылының қариялары Қондыбаева Шаркүл, Көбегенова Тынышкүл апалар мен Кадыркулов Өсер атаның   үйлеріне барып, құттықтап қайтты. Қариялармен әңгімелесіп, сыйлықтарын табыс етті.