Іс-шаралар » Страница 5 » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11- сынып оқушыларына Қазақстан тарихы пәнінен (ауызша) емтихан
30
мамыр
2025
11- сынып оқушыларына Қазақстан тарихы пәнінен (ауызша) емтихан
№34 жалпы орта білім беретін мектепте 2025 жылдың 30- мамыр күні 11- сынып білім алушылары Қазақстан тарихы пәнінен (ауызша) қорытынды аттестаттау  емтиханын тапсырды. Емтиханда мектеп директоры К.А Боржуков білім алушыларға сәттілік тілеп, емтихан ережелерімен таныстырды. Емтиханға барлық білім алушылар қатысып сәтті тапсырды.
9-сынып алгебра пәнінен емтихан
29
мамыр
2025
9-сынып алгебра пәнінен емтихан
Мектепте 2025 жылдың 29 мамыр күні 9-сыныпта негізгі орта және орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсын аяқтау  үшін   алгебра пәнінен емтихан өтті. Емтиханда мектеп директоры К.А.Боржуков білім алушыларға сәттілік тілеп, емтихан ережелерімен таныстырды. Емтиханға барлық білім алушылар қатысып, сәтті тапсырды.
7 және 8-сыныптарда қазақ тілі пәнінен аралық емтихан
28
мамыр
2025
7 және 8-сыныптарда қазақ тілі пәнінен аралық емтихан
27.05.2025 жылы мектебімізде 7 және 8-сыныптарда қазақ тілі пәнінен аралық емтихан өткізілді. Оқушылар жыл бойы меңгерген білімдерін жүйелеп, жазылым мен грамматикалық дағдыларын көрсетті. Оқушылар белсенділік танытып, жақсы нәтиже көрсетті. Барша шәкірттерімізге алдағы оқу жолында сәттілік тілейміз! #ҚазақТілі #АралықЕмтихан #7Сынып #8Сынып #БілімЖолы #ҰстазТірлігі
5 және 6-сыныптарға “Қазақ тілі” пәнінен аралық емтихан
27
мамыр
2025
5 және 6-сыныптарға “Қазақ тілі” пәнінен аралық емтихан
5,6,7,8,10 сыныптарға “Қазақ тілі” пәнінен аралық емтихан басталды. 26.05.2025 жылы  5 және 6-сыныптарға “Қазақ тілі” пәнінен аралық емтихан өткізілді. Емтихан мақсаты – оқушылардың жыл бойы меңгерген білім деңгейін, тілдік дағдыларын (оқылым, жазылым, әдеби тілдік норма) бағалау және оқу жетістіктерін саралау болды. Оқушылар берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, өз білімдерін көрсетті. Емтихан қорытындысы бойынша сараптама жасалып, тиісті бағалар қойылды.  Қазақ тілі пәнінің
"Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, қаңғыбастықтың алдын алу "
24
мамыр
2025
"Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың,
Мектепте 2025 жылдың 24 мамыр күні "Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, қаңғыбастықтың алдын алу " мақсатында мектеп әкімшілішігі мен рейд мүшелері тарапынан күндізгі және түнгі рейд жүргізілді.
«Білімім – Отаныма»
23
мамыр
2025
«Білімім – Отаныма»
10-сыныпта «Білімім – Отаныма» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың жыл бойғы білім жетістіктерін жинақтау;Білім мен отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру;Топта жұмыс жасау, креативті ойлау, өзіндік пікір білдіру дағдыларын дамытуСабақ ҚР-ның Гимнін айтумен басталды. Оқушылар 2-топқа бөлінді. ҚР оқу-ағарту министірі Ғани Бисембаевтың құттықтауы тыңдалды.1. «Білім керуені» Әр топқа жыл бойы өткен 5 пән бойынша сұрақтар (қысқа және орташа
" Білімім - Отаныма"
23
мамыр
2025
" Білімім - Отаныма"
11- сыныпта " Білімім - Отаныма" тақырыбында  тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатының мақсаты:  Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту; Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Муртазаева Г.Б.
«Білімім – Отаныма»
23
мамыр
2025
«Білімім – Отаныма»
2-сыныпта «Білімім – Отаныма» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Тірбие сағатының мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту; Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру. Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге тәрбиелеу. Сабақ ҚР-ның Гимнін айтумен басталды. 3-топқа бөлінді. 1-аялдама тапсырмасын орындады. 1-топ:
“Жайдарман” ойынының финалдық кезеңі
22
мамыр
2025
“Жайдарман” ойынының финалдық кезеңі
2025 жылдың 22 мамырында Меркі аудандық Мәдениет үйінде көңілді әрі тапқыр оқушылардың басын қосқан “Жайдарман” ойынының финалдық кезеңі өтті. Финалға №34 жалпы орта білім беретін мектебінің “ КОМЕТА” құрама  командасы қатысып жүлделі ІІІ орын дипломымен және 100.000 теңге сертификатымен, команда капитаны Сраил Аида Саматқызы “ Үздік ойыншы” номинациясымен марапатталды!!! Оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!!!!
"Құқықтық сауаттылық және нашақорлықтың алдын алу"
22
мамыр
2025
"Құқықтық сауаттылық және нашақорлықтың алдын алу"
Мектепте 2025 жылдың 13-22 мамыр аралығында 8-11 сынып білім алушылара мен "Құқықтық сауаттылық және нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында мектеп инспекторы Е.Дүйсебай тарапынан ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Мектеп инспекторы білім алушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша және нашақорлықтың адам денсаулығына зияны, есірткі пайдаланғанда, тасымалданған тұлғада жауапқа тартылатындығы туралы түсіндірді.