08
маусым
2022
"Иммунитет. Гуморальдық және жасушалық иммунитет" тақырыбында сабақ
8-сынып білім алушыларына 8.06.2022ж биология пәнінен "Иммунитет. Гуморальдық және жасушалық иммунитет" тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты:лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау; Гуморальдық және жасушалық иммунитетті салыстыру. Сабақта қолданылған әдіс тәсілдер "Ширату жаттығулар" арқылы "Менен сұрақ-сенен жауап" әдісі арқылы үй тапсырмалары сұралып оқушылармен жаңа тақырып бойынша жеке жұмыстар жасалынды, бейне ролик көрсетілді. Жазғы мектеп сабақтары нәтижелі өтуде, оқушылардың қызығушылығы артуда.