18
қыркүйек
2025
“Асханаға қош келдіңіз” ата- аналар атты ашық есік күні
18.09.2025 жылы “Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру” тақырыбындағы он күндік іс- шараның аясында “Асханаға қош келдіңіз” ата- аналар атты ашық есік күні ұйымдастырылды.Іс- шара барысында ата- аналар мектеп асханасымен танысып, тағам мәзірін көріп, санитарлық талаптардың сақталу барысын бақылап шықты.Мектеп медбикесі мен асхана меңгерушісі ата- аналарға оқушылардың тамақтану тәртібі туралы ақпарат берді. Іс- шара өте жоғары деңгейде өтті. Мұндай ашық іс- шаралар мектеп пен ата- ана арасындағы байланысты нығайтып, оқушы денсаулығын бірлесіп сақтау жолында үлкен рөл атқарады.
Іс- шара соңында ата- аналардан сауалнама алынып, ашық пікір алмасты.
