"Мамандықты дұрыс таңдау – баланың бақытты болу кепілі" » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мамандықты дұрыс таңдау – баланың бақытты болу кепілі"
28
сәуір
2025

"Мамандықты дұрыс таңдау – баланың бақытты болу кепілі"

№34 жалпы орта білім беретін мектебінде 9-11 сыныптар арасында "Мамандықты дұрыс таңдау – баланың бақытты болу кепілі" тақырыбында ашық диалог өтті.
Ұйымдастырушы: 11-сыныптың сынып жетекшісі Муртазаева Г.
Мақсаты:
1. Ата-аналарға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру;
2. Баланың қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес мамандық таңдауда ата-ананың рөлін күшейту;
3. Баланың жеке ерекшелігін ескере отырып, қолдау көрсету қажеттігін ұғындыру.
Ашық диалог барысында Муртазаева Г. ата-аналарға "Мамандық таңдау – өмір жолын таңдау" тақырыбында қысқаша бейнебаян ұсынды.
Ой қозғау мақсатында ата-аналарға келесі сұрақтар қойылды:
1. Балаңыз болашақта кім болғысы келеді?
2. Сіз оның таңдауы туралы не ойлайсыз?
3.Мамандық таңдауда ата-ананың рөлі қандай?
Ата-аналар өз ойларын ортаға салып, белсенді жауап берді.
Сынып жетекші ата-аналарға мамандық таңдауда жиі жіберілетін қателіктерді атап өтті:
Бала қалауына емес, ата-ананың қалауына бағындыру;
Тек материалдық пайдаға қарап шешім қабылдау;
Қоғамдық беделге ғана мән беру.
Кейін ата-аналар шағын топтарға бөлініп, төмендегі сұрақтарды талқылады:
1.Балаңыздың қандай қабілеті немесе ерекшелігі бар?
2.Ол қандай іспен айналысқанды ұнатады?
3.Осы қабілеттер қай мамандыққа сәйкес келеді деп ойлайсыз?
Қорытындылай келе, сынып жетекшісі Муртазаева Г. ата-аналарға:
Балаға сенім арту – оның өзін табуына мүмкіндік беру екенін,
Мамандық таңдау – тек жұмыс емес, өмірлік қанағаттану мен бақыттың негізі екенін,
Ата-ананың қолдауы – бала үшін ең үлкен мотивация екенін айтты.
Жауапты: Муртазаева Гульнара Бекеновна.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив