18
сәуір
2025
"Су тіршілік көзі" тақырыбында тәрбие сағаты
34 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушыларымен "Су тіршілік көзі"
тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.Сабақтың тақырыбы:
Оқушыларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін оның адамның,құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Судың табиғаттығы баға жетпес сый екенін айту,түсініктерін дамыту. Сабақты Тұрсынжан Есімжановтың су туралы өлеңімен бастады.
Су жүргізер тіршіліктің тамырын
Су жоқ болса тіршілілік жоқ бауырым.Судың біз біле тұра маңызын
Көп болған соң ұмытамыз қадірін-дейді ақын ағамыз.Олай болса су қадірін естен шығармайық балалар.
Сабақты әрі қарай"Сұрақ -жауап"әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойылды.
Балалар су қандай зат?
Судың түсі қандай?Судың қажеттілігі туралы не білеміз?Оқушылардан су туралы қандай тыйым сөздер білеміз?Оқушылар:
Су ішкен құдығыңа түкірме,Судың бетін ашық қалдырма ,Түнде суға барма т/б тыйым сөздер айтты.
![]() | ![]() |