16
сәуір
2025
"Мен таңдаған мамандық"
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде "Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіби бағдар – бүгінгі мен болашағы" атты айлық аясында "Мен таңдаған мамандық" тақырыбында 9-сынып жетекшісі Керимов Ә. тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауына бағыт көрсету;
б) нарық талабына байланысты еңбек рыногында ұдайы өзгеріп отыратын кәсіби талаптарды ескере отырып, қызыққан мамандықтарына бағыт беру арқылы саналы таңдауға баулу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген кеңес, бейнеролик көрсету сабағы.
Сабақтың әдісі: тренинг, пікірталас, проблемалық ситуациялар, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слаидтар.
« Бәрінен күшті адам-өзіне-өзі сенетін адам.»
«Білім-бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ әлдекімнің азығы.» ( М.Әуезов)
Қорытынды: Мамандықты қалай таңдасам екен: бұл жөнінде не білуім керек?- сауалы арқылы оқушылардың ой-пікірлері тыңдалынып, сынып жетекшілері мамандықты таңдау туралы кеңестер беріп өтті.
