14
наурыз
2025
"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ"
№34 ЖОББМ -де "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында педагогтермен және кіші қызметкерлермен дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: сыбайлас жемқорлықтың қоғамдағы зияны мен оның алдын алу жолдары туралы пікір алмасу, жастарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамдағы кері әсерін түсініп, оны жою үшін әрқайсымыздың атқаратын рөліміз маңызды. Біздің еліміздің болашағы біздерге байланысты. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқылады.
