10
қаңтар
2025
“Ойынға салауатты көзқарас”
Лудомания – адам өмірінде негативті тұрғыдан басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық тұрғыдан және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлығы.
Лудомандар – құмар ойынның шырмауына түскен адамдар. Казино мен букмекерлік компаниялар жұмысы барынша қарқынды дамыған кезден бері «лудомания» деген термин кеңінен қолданыла бастады. Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілген. Құмар ойынның соңына түскендер дүние-мүлкінен айырылғаны өз алдына, ажырасып, дымсыз қалып жатады. Осы орайда №34ЖОББМ-де “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы жоспарына сай лудоманияның алдын алу мақсатында “Ойынға салауатты көзқарас” тақырыбында 10-сынып білім алушылары мен шеберлік сыныбы өтті. Шеберлік сынып барысында “Құмар” сөзінің шығу тегіне тоқталып, ойынның адам өміріне келтіретін зардаптары туралы түсіндіріп өтті. сонымен қатар білім алушылар мен “Денсаулық маған не үшін керек?” тренингі арқылы пікір алмасты. Шеберлік сыныбын қорытындалай келе білім алушылар талай жасөспірімдердің құмар ойынның құмарлығынан шыға алмай, құрдымға кетіп жатқандығын, бұл дерт күн өткен сайын қанатын жайып, өмір шырғалаңында талайларды шырылдатып отырғандығын ұғынды. Қоғамдық дертті, қоқысқа тастайтын уақыт жетті. Уақыт өткен сайын жастарымыздың санасын улап, құрдымға түсіруде. Мәселені уақыттың еншісіне қалдырмай, тиісінше дұрыс әрекет жасап, жастарымызды дерттен сауықтырып, уақытты емшіге айналдыруымыз қажет екендігін ұғынды. Жауапты: ДТЖО А.Ертаева, мектеп психологі Г.Нурмаханбетова 
