24
желтоқсан
2024
«Буллингтен қорған!»
№34 ЖОББМ 1-4 сынып оқушыларымен кездесу өтілді. Мектеп психологы: Нурмаханбетова Г.А. Буллинг мәселесі туралы толық мәлімет беру, түрлерімен таныстыру. Оқушыларға буллингтен қалай қорғанудың жолдарын ұсыну. Бір-біріне қолдау көрсету жолдарын қарастыру мақсатында «Буллингтен қорған!» тақырыбы бойынша кездесу ұйымдастырылып отырғандығын айтып өтті. Буллинг дегеніміз не? Буллингтің физикалық (ұру, итеру), ауызша (мазақтау, жаман сөз айту) және әлеуметтік (оқшаулау, басқалармен достастырмау) түрлері бар екенін түсіндірді. Сондай-ақ буллингтің түрлері, одан қалай қорғанудың жолдары бойынша ақпарат беріп өтті.
2. ДТІЖО: Ертаева А. «Буллинг болған жағдайда қалай әрекет ету керек?» Жауап қату: Ренжіткен адамға анық және тыныш дауыспен: "Маған бұл ұнамайды, тоқтатшы" деу. Жақсы көретін үлкендерге айту: Ата-анасы, мұғалімі немесе сенімді басқа ересектерге хабарласу керектігін. Тыныштық сақтау: Ренжіткен адамға агрессиямен жауап қайтармау, бірақ өзін құрметтеуді талап ету. Ересектерге көмекке жүгіну. Егер буллинг қайталанатын болса, бұл туралы мұғалімге немесе мектеп басшылығына айту керек. Ересектер бұл мәселені шешуге міндетті. Өзіңді қорғай білу. Физикалық шабуыл болған жағдайда, басқа балаларды көмекке шақыруды және қауіпті жерден тез кету керектігі туралы түсіндіріп өтті. «Мықты да батыл болғың келе ме, бізге қосыл» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп талданды.
