03
наурыз
2022
Бастауыш сынып бірлестігінің айлық жоспарына сай "Жаңартылған білім мазмұнын іске асырудың тиімді жолдары" тақырыбында ашылу салтанаты
№34 ЖОББМ-де 2022 жылдың 03-31 наурыз аралығында Бастауыш сынып бірлестігінің айлық жоспарына сай "Жаңартылған білім мазмұнын іске асырудың тиімді жолдары" тақырыбында ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиында ДОТІЖО А.Ақылбаева құттықтау сөз сөйлеп, пән мұғалімдері мен оқушыларға сәттілік тіледі. Оқушылар әр пәнге байланысты тақпақтар мен әндер айтты. "Ойлан, тап", "Жалғасын тап", "Көлемін тап" ойындары ойнатылды. Оқушылар белсенді түрде қатысты Жиын соңында пән мұғалімдері оқушыларды айлыққа белсенді қатысуға шақырды.








