07
желтоқсан
2024
«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
Мектепте ерте жүктіліктің алдын алу және «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқан жоспарына сай «Ұшқын» жастар орталығының маманы М.Баялиева және мектеп медбикесі З.Кенжетаева мен қыздар арасында кездесу өтті. Кездесу де мектеп психологі Г.Нурмаханбетова статистикалық мәліметтерге сүйене отырып ерте жыныстық қатынастың зардабы туралы мәліметтер берді. Осыдан бірнеше жыл бұрын қоғам ерте жыныстық қатынас дегенге үрке қарайтын. Қазір үйренісіп кетті. Себебі, соңғы уақытта проблема жастар арасында кең етек жайды. Өкінішке қарай, бүгінде бесіктен белі шықпаған қыздар жүкті болуда. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ертаева ерте жыныстық қатынастың себептері:
- Тәжірибенің, білімнің, ақпараттың жетіспеушілігі
- Өзіне ортада сенімді болмағандықтан, «менін» жыныстық қ-қатынас арқылы дәлелдеу.
- Әлеуметтік жағдай
- Өзін ересек, тәуелсіз сезінуге деген құштарлық
- Жылулық, түсінушілік сезімнің жетіспеушілігі
- Бір-бірін ренжітіп,не жоғалтып аламын деген қорқыныш-болуы мүмкін екендігін айтты.
