12
желтоқсан
2024
«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» атты кітап көрме
№34 жалпы білім беретін мектебінде Тәуелсіздік мерекесіне орай кітапханашы Шакирова А. ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» атты кітап көрме оқушылар назарына ұсынылды. Тәуелсіздік-мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі. Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз.
Кітап көрмесіне қатысқан 8-9 сынып оқушылары қазақ жазушылардың өлеңдерінен үзінді оқып, шараның көркін келтірді. Іс шара қонағы ретінде ауыл кітапханашысы Гулнара Омашева апайымыз қатысты.
Мақсаты: Оқушыларға елі мен жерін қастерлеуді, Тәуелсіздік ұғымының терең мағынада жұмсалатындығын насихаттау.
Кітапханашы: Шакирова А.
