01
сәуір
2024
1 сәуір күні педагогтермен Террористік сипаттағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмысы
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 1 сәуір күні педагогтермен Террористік сипаттағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмысы өткізілді. Педагогтерге "Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын терроризмге қарсы осал объектілерді қорғаудағы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымында, қызметкерлерді мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар арасында, объектілердің терроризмге қарсы дайындығын күшейту бойынша, профилактикалық шаралар, түсіндірме жұмыстар, әрекет ету алгоритімідері кеңінен ақпарат беріліп түсіндірілді. Сонымен қатар терроризм актінің қауіпі туындаған немесе терроризм акті жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жадынама мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

