16
қаңтар
2024
"Мен және менің болашақ мамандығым" тақырыбында 10- сынып жетекшісі Муртазаева Г.Б. тәрбие сағаты
N34 жалпы орта білім беретін мектепте "Мен және менің болашақ мамандығым" тақырыбында 10- сынып жетекшісі Муртазаева Г.Б. тәрбие сағатын өтті.Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру.Мамандық таңдауына көмектесу, бағыт- бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету. Сабақ барысында әлемде он мыңнан аса мамандық бар екенін мұғалім ескертті.Ал оған арнаулы мамандықтар мен басқа да қосымша маман түрлерін қосып санағанда елу мыңнан асатынын айтты. Білім алушылар мамандық алудың бес баспалдағын жоспарлау керегін білді.Ол 1) Арман (тілек).2) Көз жеткізу ( қажеттілік).3) Жоспарлау. 4) Әрекет.5) Игеру. Сонда-ақ, "Мен жасай аламын ба, қабілеттімін бе?" деген сұраққа жауап берді.Келесі бөлімінде оқушылар мамандықтардың классификациясына тоқталып кетті.Олар: Адам -техника.Адам- адам.Адам- белгілі жүйесі.Адам - табиғат.Адам- көркем образ екенін білді.Колорист, клипмейкер,продюсер, интерьер дизайнері, декоратор, витражист, аниматор, тетистер мамандықтардың түрлерімен оқушылар танысты.
