28
желтоқсан
2023
6-8,11 сыныптар арасында пиротехникалық заттардың (салют) қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары
Мектепте 2023 жылдың 28 желтоқсан күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ертаева мен мектеп инспекторы А.Алишев 6-8,11 сыныптар арасында пиротехникалық заттардың (салют) қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Негізінен пиротехника – бұл маусымдық тауар. Пиротехниканың салдарынан мүгедек болған, күйік шалған, мертіккен жағдайлар аз емес. Мұның бәрі ережені сақтамаудан. Жарылғыш затты қолданарда алдымен қауіпсіз аумақты таңдап алу қажет. Адамдар мен отшашудың арасы кемі 35-50 метр болуы тиіс. Пиротехниканы жабық ғимараттарда қолдануға әсте болмайды, оның жанында темекі тартудан да аулақ болған жөн. Балалар үлкендердің бақылауымен ғана қолдану керек. Мектеп инспекторы жалпы пиротехникалық техникаларды қолданғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын айтты.
