18
қазан
2023
"Бастауыш сынып - білім бастамасы" тақырыбында айлық жоспарына сай 1-сыныпта З Туребаева сыныптан тыс сабақ өтті.
N34 ЖОББМ 18- қазан күні бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінде "Бастауыш сынып - білім бастамасы" тақырыбында айлық жоспарына сай 1-сыныпта З Туребаева сыныптан тыс сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы: Білімділер сайысы. Сабақтың мақсаты: Оқушылар осы кезге дейінгі алған білімдерін көрсету.
Сайыс үш кезеңнен тұрды. Оқушылар "Тапқырлар", "Алғырлар" болып екі топқа бөлінді.
Бірінші кезең математика пәніне арналды. 1- тапсырмада 9 және 10 санының құрамын анықтады. 2- тапсырмада "Шай ішейік" ойыны арқылы әр шәйнектің шыныларындағы өрнектердің мәнін тапты. 3- тапсырмада сурет бойынша оқушылар өрнек құрастырды.
Екінші кезең "Ұйқасын тап!" Әр топқа тапсырмалар беріліп ұйқасын тапты.
Үшінші кезең әліппе пәніне байланысты болды. 1- тапсырма "Әжемнің бауырсағы" ойыны. Бауырсақтағы сөздерді оқып, буынға бөлді. 2- тапсырмада "Сөз құра" ойыны, Қазақстан сөзінен жаңа сөздер құрады. 3- тапсырмада "Сәйкестендір" ойыны арқылы өтті. Мұнда оқушылар қима қағаздағы сөзді оқып, сол атауды суретімен сәйкестендірді. Оқушылардың әрбір дұрыс жауаптары монеталармен бағаланып отырды. Ұпай санымен "Тапқырлар" тобы жеңіске жетті. Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар белсене қатысты.
