13
қараша
2024
"Ұлттық валюта-ұлт болашағы"
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
15 қараша – Ұлттық валюта күні! Еліміздің төл валютасына биыл 31 жыл болды. Бұл күнді еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлері кәсіби мереке ретінде тойлайды. 1993 жылы 12 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" жарлыққа қол қойды. 1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға енді.
