12
ақпан
2025
Тірек мектеп және магниттік мектеп арасындағы ынтымақтастық тәжірибе алмасу
Тірек мектеп және магниттік мектеп арасындағы ынтымақтастық тәжірибе алмасу .№ 34 жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі А.Еркехожаева А.Асқаров атындағы жалпы білім беретін трек мектеп-гимназиясында 10 ақпан күні трек мектептің биология пәні мұғалімі А.Отарбаева екеуі өзара тәжірибе алмасты.Тәжірибе алмасу барысында А.Отарбаеваның10 - сыныпта "Хуто де Фриздің мутация теориясы" тақырыбында өткен сабағына қатысты.Сабақ соңында мұғалімдер өзара пікір алмасты.Білім алушылардың жаңа ортаға бейімделуі, сабақтағы белсенділігі,өзара тіл табысуы, тақырыпты меңгеруі, қолданылған әдіс - тәсілдердің тиімділігі ,жасанды интелектің пайдасы туралы айтылды. Мұндай іс- шаралар мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің өсуіне оң әсер ететіні анық.Сол себепті трек мектебі мен магниттік мектептер арасындағы үздіксіз байланыс, оқытудағы көптеген тың өзгерістер жаңашыл, білімді ұрпақты тәрбиелеуге ықпал етеді.
![]() | ![]() |