Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17948 болып тіркелді.
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17948 болып тіркелді.- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Көшіру
- Басқа
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12788 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 76 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14956 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі | Е. Сағадиев |
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
____________________
2018 жылғы "____" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________________
2018 жылғы "____" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________
2018 жылғы "____" __________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.м
3-параграф. Мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібі
294. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды конкурстық негізде сатып алу мынадай дәйекті іс-қимылдарды орындауды көздейді:1) тауарларды сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту, егер конкурсты ұйымдастырушы тапсырыс берушінің өзі болмаған жағдайда – конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс берушінің веб-портал арқылы тауарларды сатып алудың жылдық жоспарының (тауарларды сатып алудың алдын ала жылдық жоспарының) тармақтарын жіберуі;
2) конкурстық комиссияның құрамын қалыптастыру және бекіту, конкурсты ұйымдастырушы өткізген жағдайда, конкурстық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің қызметкерлерін енгізу міндетті емес;
3) конкурстық құжаттаманы бекіту;
4) өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарландыруды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда орналастыру;
5) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық құжат нысанында ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеуі;
6) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда орналастыру;
7) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;
8) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушылар деп тану;
9) конкурс жеңімпазын, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні анықтау және сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда орналастыру;
10) конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының жеңімпазбен шарт жасасуы.
295. Конкурстық құжаттамада не орналастырылатын ақпаратта әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптарды белгілеуге не сатып алынатын тауарлардың жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін айқындайтын сипаттамаларды көрсетуге жол берілмейді.
296. Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің тауарларды сатып алудың бекітілген жоспары негізінде конкурсты ұйымдастырушы жүзеге асырады.
297. Тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тиісті бюджет бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларға қажеттілікке сәйкес қаржы жылына арналған тауарларды сатып алу жоспарын тиісті бюджет негізінде әзірлейді және бекітеді.
298. Тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тауарларды сатып алу жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны веб-порталда орналастырады.
Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ақпарат пен құжаттарды ұсынады.
299. Тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тапсырыс берушінің немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушының бюджетіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.
Тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды веб-порталда орналастырады.
300. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушы конкурстық комиссияны бекітеді және конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.
301. Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын айқындау туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қабылдайды.
302. Конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастырушының бұйрығымен құрылады және комиссия мүшелерінің тақ санынан, бірақ кемінде бес адамнан тұрады.
Конкурстық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және комиссияның жоқ мүшелерін ауыстырусыз дауыс беруге қатысады.
303. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ веб-порталда тіркелген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің өкілдерін енгізеді.
304. Конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан не бірінші басшының немесе оның орынбасарының міндетін атқарушы тұлғадан төмен емес лауазымды адам айқындалады.
Конкурстық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының кандидатурасы қайта бекітіледі. Бұл ретте, конкурстық комиссияның төрағасы болып бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам, ал ол болмаған жағдайда бірінші басшы айқындалады.
305. Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссияның қызметіне жетекшілік жасайды және осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.
306. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасалған күні өз қызметін тоқтатады.
307. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, алмастыру құқығынсыз заңды болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.
308. Конкурстық комиссияның ұйымдастырушылық қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастырушы болып табылатын, конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге жауапты органның немесе ұйымның лауазымды адамдарының арасынан айқындалады.
309. Конкурстық комиссияның хатшысы:
1) конкурстық құжаттаманы қалыптастырады және веб-порталға орналастырады;
2) веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарландыруды, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ олар болған жағдайда басқа да құжаттарды орналастырады;
3) осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.
310. Конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Үлгілік конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, ол мыналарды қамтиды:
1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесі;
2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма;
3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды тұлғалар және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінім;
4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер;
5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттары;
6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес тауарларды жеткізу туралы үлгілік шарт.
311. Тауарларды сатып алу кезінде ұйымдастырушы тауарларды лоттарға бөле отырып конкурс өткізу және (немесе) жекелеген тауарларды мынадай топтар бойынша бір лотқа біріктіру туралы шешім қабылдайды: сүт өнімдері, ет өнімдері, көкөністер мен аскөктер, жемістер мен шырындар, балық өнімдері, ұн өнімдері мен жармалар (бұршақ өнімдері).
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша айқындалған, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысады.
312. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша айқындалған, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысады.
313. Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші келесі біліктілік талаптарына сәйкес келеді:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырған күннен кейін мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
2) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;
3) материалдық және еңбек ресурстарының болуы.
314. Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде техникалық тапсырмада, шартта әлеуетті өнім берушілерге отандық өндірістің тамақ өнімдерінен кемінде 60% (алпыс пайыз) сатып алу туралы талаптарды қарастырады.
315. Конкурстық құжаттама бекітілгеннен кейін конкурсты ұйымдастырушы веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы қалыптастырады.
316. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманы орналастырады.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынуының соңғы күнінің мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін және бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.
317. Конкурстық құжаттамаға өзгерістерді конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін орналастырған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде енгізеді.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін веб-портал арқылы веб-порталда конкурстық құжаттаманы алған өнім берушілерге жібереді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі күнтізбелік бес күннен он күнге дейінгі мерзімге ұзартылады.
318. Қайта конкурсты жүзеге асырған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын конкурсты қайта өткізуге байланысты шартты орындау мерзімін қоспағанда, өтпеген конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеу шартымен қайта конкурсты жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін веб-порталда орналастырады.
319. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап барлық ниет білдірушілерге веб-порталда конкурстық құжаттаманы алу мүмкіндігі беріледі.
320. Конкурстық құжаттаманы веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарланған сәтке дейін беруге жол берілмейді.
321. Құқықтық қабілеті бар, төлем қабілеті бар және материалдық және еңбек ресурстары бар әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға үміткер болады.
322. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурстық құжаттамада көрсетілген оны ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген шарттарға келісім беру, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің осы Қағидаларда көзделген өнім берушіні таңдау жөніндегі біліктілік және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісім білдіру нысаны болып табылады.
323. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім конкурстық құжаттамада келтірілген құжаттарды қамтуы тиіс.
324. Әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда тіркеледі.
325. Веб-портал конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге тиісті хабарламаны автоматты түрде жіберген кезде конкурсқа қатысуға өтінім қабылданған болып есептеледі.
326. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа, лоттар бойынша бөлінген жағдайда лотқа қатысуға бір ғана өтінім береді.
327. Мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға құқығы жоқ және әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін веб-портал автоматты түрде қабылдамайды:
1) әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген болса;
2) конкурсқа қатысуға өтінім веб-порталға осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түссе;
3) осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдауға қатысса не өткізілетін конкурстарда тапсырыс берушінің немесе конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
4) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде, Жосықсыз өнім берушілер (әлеуетті өнім берушілер) тізбесінде тұрған заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, жарғылық капиталына қатысуға байланысты болса;
5) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне, Жосықсыз өнім берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылса;
6) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне, Жосықсыз өнім берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушінің басшысы болып табылса;
7) әлеуетті өнім беруші Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде, Жосықсыз өнім берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесінде тұрса;
8) әлеуетті өнім берушінің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және оны атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;
9) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселеген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі болса;
10) әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;
11) әлеуетті өнім берушінің баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;
12) әлеуетті өнім беруші және (немесе) олардың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілсе;
13) банкроттық не тарату рәсіміне жатса.
328. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысу үшін ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрайды және конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге сәйкес келуі тиіс.
329. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімді өзгертуі немесе кері қайтарып алуы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін оны қайтарып алуға жол берілмейді.
330. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамаға сәйкес талап етілетін жекелеген құжаттарды ұсынуы мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік деректер базаларына жүгіну арқылы не веб-порталды пайдалана отырып, электрондық нысанды толтыру арқылы құжаттарды алу жолымен жүзеге асырылады.
331. Әлеуетті өнім беруші оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін веб-порталда мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді орналастырады:
1) қолданыс мерзімін көрсете отырып, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім берушінің қазақ және орыс тілдерінде жасалған конкурсқа қатысуға арналған өтінімі;
2) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша немесе тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде электрондық банк кепілдігі түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;
3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма;
4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер.
332. Тиынмен есептелген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
333. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу әрбір лотқа жеке немесе әлеуетті өнім беруші қатысатын конкурс лоттарының жалпы сомасына жүзеге асырылады.
Әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, ол кепілді ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады. Бұл ретте кепілді ақшалай жарна конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін конкурстық құжаттамада көрсетілген банктік шотқа енгізіледі.
334. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашуды веб-портал конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткен сәттен бастап бес минут ішінде автоматты түрде жүргізеді.
335. Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім берілсе, онда мұндай өтінім де осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.
336. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын веб-портал осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес оларды ашу сәтінде автоматты түрде орналастырады. Бұл ретте веб-портал конкурстық комиссияның мүшелеріне, конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарлама жібереді.
337. Конкурсты өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссияның мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы бекітілген конкурстық құжаттамамен және оның қосымшаларымен танысады.
338. Конкурстық комиссия веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау мақсатында конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарайды.
339. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында қажетті ақпаратты сұратады.
340. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты сауал жіберуіне және өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін өтінім ретінде қарайды.
341. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарының банкроттық не тарату рәсіміне қатыстылығы бойынша сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық не тарату рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.
342. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды, конкурсқа қатысушылар деп таниды;
2) өлшемшарттарды қолданады және есептейді;
3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес конкурс қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді.
343. Конкурстық комиссияның шешімі веб-портал арқылы дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесі өз пікірін айта алады, ол құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.
Конкурстық комиссияның тиісті хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебі жазылған құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.
344. Конкурс қорытындылары туралы хаттама:
1) осы Қағидалардың 339-тармағына сәйкес конкурстық комиссияның сауалдары туралы;
2) бас тарту себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы;
3) конкурстық комиссияның өлшемшарттарды қолдануы туралы ақпаратты қамтиды.
345. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімді қамтамасыз етуді:
1) электрондық банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған жағдайда;
2) конкурстық комиссияның:
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
электрондық банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурстың атауы мен нөмірін;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін, электрондық банктік кепілдік түрінде ұсынылған оны беру шарттарын және (немесе) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасын;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген жағдайда;
3) конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайларда конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
346. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:
1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алған жағдайларда ашу хаттамасын орналастыру;
2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоюы және оның шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.
347. Конкурсты ұйымдастырушы электрондық банк кепілдігі түрінде енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі орын алған кезде әлеуетті өнім берушіге қайтармайды:
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса;
2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаса не тиісінше орындамаса, оның ішінде уақтылы орындамаса.
Электрондық әмиян арқылы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бірыңғай оператор бұғаттайды және мынадай жағдайлардың бірі орын алған кезде әлеуетті өнім берушіге қайтармайды:
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса;
2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаса не тиісінше орындамаса, оның ішінде уақтылы орындамаса.
Мұндай жағдайларда конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмияндағы ақшаның тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Осы тармақта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бірыңғай оператордың электрондық әмияндағы ақшаны пайдалануына жол берілмейді.
348. Әлеуетті өнім берушінің өзінің электрондық әмиянында орналастырылған ақшаны қайтару туралы талабы бойынша бірыңғай оператор осындай талап келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларға қатысты бұғаттау жүзеге асырылмаған немесе бұғаттау тоқтатылған көрсетілген ақшаны қайтарады.
349. Бірыңғай оператор тапсырыс берушіден веб-портал арқылы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, егер әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса немесе шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянынан тапсырыс берушінің өтінішінде көрсетілген шотқа өтінімді қамтамасыз ету бойынша бұғатталған ақшаны аударуды жүзеге асырады.
350. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, оны конкурс қорытындылары туралы шешім қабылданған күні веб-порталда орналастырады.
351. Конкурстық комиссия конкурс қорытындылары хаттамасында енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп тану себебін көрсетеді.
352. Конкурстық комиссия конкурс қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде, конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар бойынша балл қояды.
Барынша көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.
Егер конкурсқа конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және осы Қағидалардың нормаларына жауап беретін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.
353. Егер екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші бірдей балл санын жинаған жағдайда, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес "Тауар нарығындағы соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі" өлшемшарты бойынша ең көп балл жинаған конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Жұмыс тәжірибесі бойынша баллдар саны тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.
354. Конкурсты ұйымдастырушы:
1) ұсынылған өтінімдер болмаған;
2) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген;
3) егер аталған өнім беруші конкурсқа жалғыз қатысып, конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда конкурсты өткізілмеді деп таниды.
355. Конкурс өткізілмеді деп танылған кезде конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидалардың 318-тармағына сәйкес конкурс өткізілмеді деп танылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсты қайта өткізу туралы хабарлайды.
356. Конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысқан кезде конкурстық комиссия тауарларды жеткізушілерді таңдау өлшемшарттарына сәйкес конкурс жеңімпазынан кейін жиналған балдар саны бойынша келесі әлеуетті өнім берушімен шарт жасасу туралы шешім қабылдайды және екі жұмыс күні ішінде оған веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шартты жібереді.
Әлеуетті өнім беруші шартты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
357. Тәрбиеленушілерді мен білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында конкурс жеңімпазымен шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда, тікелей шарт жасасу арқылы жұмыс істеп тұрған өнім берушімен шарттың қолданылуын ұзартады.
Өнім беруші шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартқан, өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болған жағдайда, шарт конкурс жеңімпазымен шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге алдыңғы конкурста екінші, үшінші, төртінші және одан әрі кезектілік тәртібімен орын алған әлеуетті өнім берушімен жасалады.
Өнім беруші шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартқан, өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болған, шарт жасасудан бас тартқан немесе алдыңғы конкурста кезектілік тәртібімен екінші, үшінші, төртінші және тағы басқа орын алған әлеуетті өнім беруші болмаған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы, тапсырыс беруші біліктілік талаптарына сәйкес келетін және білім беру ұйымдарында кемінде 2 жыл тауар жеткізу бойынша тәжірибесі бар тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте мұндай сатып алу конкурсты өткізу мерзімі ішінде тапсырыс берушінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ екі айдан аспайтын мерзімде осындай тауарларды сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылады.
Конкурс қорытындысына, уәкілетті органның шешіміне шағым жасалған жағдайда шарт шағым жасау кезеңіне ұзартылады.
358. Тапсырыс беруші, конкурсты ұйымдастырушы екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында тауарларды жеткізу туралы ақпаратты орналастырады.
359. Осы Қағидалардың 354-тармағына сәйкес қайта конкурс өткізілмеді деп танылған кезде конкурсқа тапсырыс беруші біліктілік талаптарына сәйкес келетін және білім беру ұйымдарына тауарларды жеткізу бойынша кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын өнім берушіні тікелей шарт жасасу арқылы тарту туралы шешім қабылдайды.
Ұйымдастырушы өнім берушіні тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес тапсырыс беруші айқындаған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
Әлеуетті өнім беруші келіскен жағдайда, осы әлеуетті өнім беруші күнтізбелік бес күн ішінде веб-портал арқылы тапсырыс берушіге Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес жұмыс тәжірибесі туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қатысу туралы растау жібереді.
Тапсырыс беруші қатысу туралы растауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жібереді.
Әлеуетті өнім беруші шарттың жобасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың жобасын электрондық
360. Әлеуетті өнім беруші:
1) егер ол мынадай негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса:
конкурстық құжаттамаға біліктілік туралы мәліметтерді ұсынбаса, сол сияқты мәліметтерді толық ұсынбаса;
әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
техникалық тапсырманы ұсынбаса;
әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық тапсырманы ұсынса, сол сияқты техникалық тапсырмамен талап етілетін құжаттарды ұсынбаса;
конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаса;
конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді, конкурсқа қатысушы, конкурс жеңімпазы ретінде таныла алмайды.
361. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, комиссиялардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасауды, егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, өнім беруші жүзеге асырады.
Конкурс қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға шағым жасалған кезде шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады. Конкурсқа қатыспаған тұлғаларға шағым жасау шарт жасасу мерзімін тоқтата тұрмайды.
362. Шағым Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес электрондық мемлекеттік аудит, камералдық тексеріс шеңберінде қаралады.
363. Уәкілетті орган шағым түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге шарт жасасуды тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
364. Уәкілетті органға тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушының, комиссиялардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне жасалған шағымда іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалып отырған заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, шағым берген тұлғаның атауы, орналасқан жері, конкурс туралы мәліметтер, тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушының, комиссиялардың шағым жасалған іс-әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері қамтылуы тиіс. Шағымға шағым берген адамның дәлелдерін растайтын құжаттар қоса берілуі мүмкін.
Шағымға оны беруші тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат қоса берілуі тиіс.
365. Түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шағым оны берген тұлғаға мынадай жағдайларда қараусыз қайтарылады:
1) шағым осы Қағидалардың 364-тармағында белгіленген нормаларға сәйкес келмесе;
2) шағымға қол қойылмаса не оған қол қоюға өкілеттігі жоқ тұлға қол қойса.
366. Конкурс қорытындылары туралы хаттама тауарларды жеткізу туралы шарт жасасуға негіз болып табылады. Тауарларды жеткізу туралы шарт тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалады.
367. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге Үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес Тауарларды жеткізу туралы үлгілік шартқа сәйкес жасалған тауарларды жеткізу туралы қол қойылған шартты жібереді.
368. Шарт тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда, тікелей шарт жасасу арқылы келесі қаржы жылдарына екі рет ұзартылады.
Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту шарттың қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылына арналған тауарларды сатып алу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тамақтанумен қамтамасыз етілетін тәрбиеленушілер мен білім алушылардың саны өзгерген жағдайда шартқа өзгерістер енгізіледі.
369. Өнім беруші шартты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылған тауарларды жеткізу туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.
370. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
Бұл ретте тапсырыс беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өнім берушіге шартты бұзу ниеті туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші шартты бұзу ниеті туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.
371. Шарттық міндеттемелерді орындау процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.
372. Алдын ала жылдық сатып алу жоспары шеңберінде өткізілген өнім берушіні таңдау рәсімдері тиісті бюджет бекітілгенге дейін аяқталған жағдайда, шарт жеңімпазға тиісті бюджет бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
373. Көрсетілген мерзім ішінде шартқа қол қоймаған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған болып есептеледі.
374. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші және екінші орын алған әлеуетті өнім беруші Қағидаларда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаған және (немесе) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, онда конкурсты ұйымдастырушы Жосықсыз өнім берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні жосықсыз өнім беруші деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
375. Жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады.
376. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші қол қойылған шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса, шартты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші өнім берушінің шартты бұзу туралы хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге шартты жібереді. Шартқа екінші орын алған әлеуетті өнім беруші оған шарт берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды.
Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде тапсырыс беруші қол қойған шартқа қол қоймаса, тапсырыс беруші қайта конкурс өткізуді жүзеге асырады.
377. Қаржы органдары осы Қағидаларды бұза отырып қабылданған ұйымдастырушының және конкурстық комиссияның шешімдерін жою туралы не шарт жасалғанға дейін, оның ішінде ұйымдастырушының уәкілетті органның осындай шешіміне шағымдануы кезеңінде конкурстың күшін жою туралы шешім шығарған кезде, шарт жасалмайды.
378. Уәкілетті орган ұйымдастырушының және конкурстық комиссияның не конкурстың (лоттың) шешімдерінің күшін жойған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы уәкілетті органның шешімін алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оны веб-порталға орналастырады. Уәкілетті органның шешімі орналастырылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындыларын қайта қарауды жүзеге асырады немесе конкурс туралы хабарландыруды веб-порталға орналастырады.";
379. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін конкурсты ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
380. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдай алады:
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна;
2) банктік кепілдік.
Тапсырыс беруші өнім берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.
381. Шарттың орындалғаны туралы құжаттар (тауарды қабылдау-тапсыру актісі, шот-фактура) электрондық нысанда ресімделеді.
Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі.
Тауарларды жеткізу кезінде шартты орындау мынадай ретпен жүзеге асырылады:
1) жүкқұжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, тауарды межелі жерге жеткізу;
2) өнім берушінің тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін тіркей отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдау-тапсыру актісін ресімдеуі;
3) тапсырыс берушінің тауарды қабылдауы;
4) Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;
5) тапсырыс берушінің жеткізілген тауар үшін ақы төлеуі.
382. Өнім беруші веб-портал арқылы тапсырыс берушіге тауарлар туралы мәліметтерді толтыра отырып, электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды қабылдау-тапсыру актісін жібереді.
383. Тапсырыс беруші веб-порталда өнім берушінің тауарларды қабылдау-тапсыру актісін ресімдеуі туралы хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей актіде шарт бойынша ақпаратты толтырады және оны электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітеді не дәлелді негіздемелер көрсете отырып, тауарды қабылдаудан бас тартады.
_________ жылға арналған көрсетілген қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспары
Жалпы мәліметтерЖүктеу
Тапсырыс берушінің БСН | Мемлекеттік мекемелер үшін | Тапсырыс берушінің атауы | Қаржы жылы | |
ММ коды | Бюджеттің түрі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жүктеу
№ | Жоспар тармағының түрі | Бюджеттік бағдарлама әкімшісі | Бағдарлама | Кіші бағдарлама * | Ерекшелік* | Қаржыландыру көзі | Сатып алу мәнінің түрі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Тауардың, көрсетілетін қызметтің коды | Сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің атауы | Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) | Сатып алу тәсілі | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Бір бірлігі үшін баға, теңге | Сатып алудың бекітілген сомасы, теңге |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Сатып алуды хабарлаудың жоспарланған мерзімі (ай) | Тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде) | Тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде) | ӘАОС | Тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде) | Тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде) | Аванстық төлемнің мөлшері, % | Өнім берушінің белгісі |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
1) "Тапсырыс берушінің БСН" деген жолақта – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (он екі мәндегі код);
2) "ММ коды" деген жолақта – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган беретін мемлекеттік мекеменің коды (жеті мәндегі код) көрсетіледі;
3) "Бюджеттің түрі" деген жолақта – оның қаражаты есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджеттің түрін білдіретін мән көрсетіледі (республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті, аудандық бюджет, облыстық маңызы бар қала бюджеті);
4) "Тапсырыс берушінің атауы" деген жолақта – ұйымның толық атауы көрсетіледі;
5) "Қаржы жылы" деген жолақта – көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспары жасалатын қаржы жылы көрсетіледі.
_____жылға арналған көрсетілген қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспары
1) "№" деген жолақта – веб-портал айқындайтын мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды;
2) "Жоспар тармағының түрі" деген жолақта – жоспар тармағы түрлерінің мынадай мәндерінің бірі көрсетіледі:
Қаржы жылынан асып кетпейтін сатып алу;
Қаржы жылынан асып кететін сатып алу;
Шартты үнемдеу есебінен сатып алу;
3) "Әкімшінің коды" деген жолақта – бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган беретін Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды көрсетіледі;
4) "Бағдарлама" деген жолақта – оның шеңберінде көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды функционалдық жіктеудің бюджеттік бағдарламасының коды көрсетіледі;
5) "Кіші бағдарлама" деген жолақта – оның шеңберінде көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды функционалдық жіктеудің бюджеттік кіші бағдарламасының коды көрсетіледі;
6) "Ерекшелік" деген жолақта – оның шеңберінде көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды экономикалық жіктеудің ерекшелігі коды көрсетіледі;
7) "Қаржыландыру көзі" деген жолақта – түскен көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу қаржыландыру көзін көрсету қажет
мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша есебінен;
демеушілік және қайырымдылық көмек қаражаты есебінен;
жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер есебінен;
8) "Сатып алу мәнінің түрі" деген жолақта – қызметтерді және (немесе) тауарларды (тауар, көрсетілетін қызмет) сатып алу мәнінің түрі көрсетіледі;
9) "Тауардың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолақта – тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауардың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі;
10) "Сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің атауы" деген жолақта – "Тауардың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі;
11) "Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы)" деген жолақта – "Тауардың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) көрсетіледі;
12) "Сатып алу тәсілі" деген жолақта – сатып алу өткізу тәсілі көрсетіледі;
13) "Өлшем бірлігі" деген жолақта – "Тауардың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алу мәнінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
14) "Жалпы саны, көлемі" деген жолақта – сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің жалпы саны немесе көлемі көрсетіледі;
15) "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолақта – теңгеде сатып алу мәнінің бірлігі үшін баға көрсетіледі;
16) "Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге" деген жолақта – "Жалпы саны, көлемі" деген жолақты "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолаққа көбейту арқылы есептеледі және сатып алу жоспарланатын соманы білдіреді;
17) Сатып алуды хабарлаудың жоспарланған мерзімі (ай)" деген жолақта – көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарланған ай көрсетіледі;
18) "Тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде)" деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі;
19) "Тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде)" деген жолақта – орыс тілінде тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі;
20) "ӘАОС" деген жолақта – "Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы" анықтамалығына сәйкес сандық мәнде елді мекеннің коды көрсетіледі;
21) "Тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде)" деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі;
22) "Тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде)" деген жолақта – орыс тілінде тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі;
23) "Аванстық төлемнің мөлшері, %" деген жолақта – жоспарланған аванстық төлем мөлшері көрсетіледі;
24) "Өнім берушінің белгісі" деген жолақта – әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарында сатып алуды жүргізу белгісі көрсетіледі.
Жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама
_________________________________________________________________(конкурстың атуын, білім беру ұйымының атауы бар лотты көрсету)
Тапсырыс беруші (тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы бір тұлға ретінде әрекет етсе көрсетілмейді)___________________________________________
(атауын, орналасқан жерін, БСН, банктік деректемелерін көрсету)
Ұйымдастырушы________________________________________________
(тапсырыс берушінің толық атауын, орналасқан жерін,
БСН, банктік деректемелерін, байланыс телефондарын, электрондық және почта мекенжайын көрсету)
Конкурстық комиссияның хатшысы ________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
Посмотреть онлайн файл: v1800017948_24-05-2021_kaz.pdf