Материалы за 17.06.2025 » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 17.06.2025
"Шабыт" тобында "Телефон көмекші ме, әлде тәуелділік пе?" тақырыбында пікір-сайыс
17
маусым
2025
"Шабыт" тобында "Телефон көмекші ме, әлде тәуелділік пе?" тақырыбында
"Достық" жазғы лагерінде "Шабыт" тобында "Телефон көмекші ме, әлде тәуелділік пе?" тақырыбында пікір-сайыс өтті. Мақсаты – оқушылардың ұялы телефонның пайдалы және зиянды тұстары жайлы білімін арттыру, сыни ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, қарсы пікірді тыңдау және дәлелдеу қабілеттерін дамыту. Пікір-сайыс барысында оқушылар екі топқа бөлініп, түрлі мысалдар мен дәлелдер келтіріп, қызу пікірталас жүргізді. Шара өте әсерлі өтті, оқушылар белсенділік танытып, ұялы телефонды тиімді қолдану туралы
"Кім жылдам?"
17
маусым
2025
"Кім жылдам?"
Достық сауықтыру лагерінде  "Кім жылдам?" Танымдық, тіл дамытуға бағытталған сурет бойынша жарысырылған мақал - мәтел табу, мақалдың жалғасын айту екі топ арасында жарысы өтті. Мақсаты: Оқушылардың тіл байлығын арттыру,қазақтың халық ауыз әдебиетін, мақал-мәтелдерді жатқа білуін дамыту,жылдам ойлап, шапшаң жауап беру дағдыларын қалыптастыру,топпен жұмыс істеу қабілеттерін нығайту. Қорытынды: Сайыс соңында ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанды. Жауапты: Джумагулова А
"Достық" жазғы лагерінде "Алау" тобына арналған "Шахмат" үйірмесі
17
маусым
2025
"Достық" жазғы лагерінде "Алау" тобына арналған "Шахмат" үйірмесі
"Достық" жазғы лагерінде "Алау" тобына арналған "Шахмат" үйірмесі ұйымдастырылды. Үйірме барысында оқушылар шахматтың негізгі ережелерімен танысып, ойлау, талдау, стратегия құру дағдыларын шыңдады. Балалар бір-бірімен жарысып, өз шеберліктерін байқатты. Шараның мақсаты – логикалық ойлауды дамыту, зейінділік пен төзімділікке баулу. Үйірме өте қызықты әрі танымды өтті, оқушылардың шахматқа деген қызығушылығы артты.
"Достық" жазғы сауықтыру лагерінде "Жалын" тобы "Шебер қолдар" үйірмесі
17
маусым
2025
"Достық" жазғы сауықтыру лагерінде "Жалын" тобы "Шебер қолдар"
"Достық" жазғы сауықтыру лагерінде "Жалын" тобы "Шебер қолдар" үйірмесі аясында шығармашылық жұмыстармен айналысты. Үйірме барысында оқушылар мата қиындыларын қолданып, әсем паннолар жасады. Шараның мақсаты – балалардың ұсақ моторикасын дамыту, эстетикалық талғамын арттыру және қолөнерге қызығушылықтарын ояту болды. Оқушылар ұжымдасып жұмыс жасап, өз қиялдары мен өнерлерін көрсетті. Шығармашылық сәттер балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. ​ ​​​
"Достық" жазғы лагерінде  "Шабыт" тобымен "Қызық екен" интеллектуалды ойыны
17
маусым
2025
"Достық" жазғы лагерінде "Шабыт" тобымен "Қызық екен" интеллектуалды
"Достық" жазғы лагерінде "Шабыт" тобы "Қызық екен" интеллектуалды ойынына белсене қатысты. Шараның мақсаты – оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, есте сақтауын және логикалық пайымдауын дамыту. Балалар топқа бөлініп, түрлі қызықты сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтары мен білімдерін ортаға салды. Ойын барысында ұжымдық бірлік, ұйымшылдық, жауапкершілік дағдылары дамыды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, балалар көтеріңкі көңіл-күймен, жағымды әсермен қайтты.
"Достық" жазғы  лагерінде "Алау" тобында "Тарих керуені" интеллектуалды ойыны
17
маусым
2025
"Достық" жазғы лагерінде "Алау" тобында "Тарих керуені"
"Достық" жазғы  лагерінде "Алау" тобында "Тарих керуені" интеллектуалды ойын өткізілді . Мақсаты: оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға ықпал ету.Оқышылар бір бірне  жүрекшемен тілек білдіру арқылы көңіл күй сыйлады. Ойын V кезеңнен тұрды l- кезең "Жаттығу" ІІ- кезең "Өз ойыным" ІІІ- кезең "Көшбасшы үшін жарыс" ІV- кезең "Тәуелсіздік шежіресі" V-кезең "Ұшқыр ой"
"Достық" сауықтыру лагерінде "Жасыл желек" аула лагері
17
маусым
2025
"Достық" сауықтыру лагерінде "Жасыл желек" аула лагері
"Достық" сауықтыру лагерінде "Жасыл желек" аула лагері арқылы оқушыларға табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, таза орта құрудың маңызын түсіндіру. Балаларды еңбекке баулу, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.
"Жасыл желек" тобы
17
маусым
2025
"Жасыл желек" тобы
"Достық"сауықтыру лагерінде "Жасыл желек" тобы құрылды. Топ жетекшісінің ұйымдастыруыменен мектеп  ауласындағы гүлзарларға көгеріштендіру тазалық жұмыстары жүргізілді. Мақсаты:   Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекке баулу, экологиялық тәрбие беру және мектеп ауласын көркейту арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.