08
сәуір
2022
"Өмір деген ғажайып, өмір деген тамаша" тақырыбында семинар тренинг
#34ЖОББМ мектеп психологы: Нурмаханбетова Г.А. 2021-2022 оқу жылының сәуір айында мектеп оқушыларының психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған айлық және ЮНИСЕФ жобасы аясында 9-11 сынып окушыларымен "Өмір деген ғажайып, өмір деген тамаша" тақырыбында семинар тренинг ұйымдастырды. Тренингтің масаты: Өмірді суюге үйрету, оның әрбір сәтін қадірлеуді түсіндіру. Өмірдің мәні туралы ой-пікірлерін ортаға салдыру, өмірге жақсы көзкараспен қарауға, бағалай білуге тәрбиелеу. Семинарды ДТІЖО Т.И.Исрайлова сөз сөйлеп мақсат міндеттерімен таныстырып өтті. Семинар барысы: ұйымдастыру, психологиялық жаттығулар, кіріспе сөз, бейнеролик көрсетіліп, талдау жүргізілді. "Өмір' және "Бақыт" сөзінің айырмашылығы неде дегенге постер жасалынып, қорғалды. Ситуациялық сұрақтар қойылып, окушылар өз ой-пікірлерін айтып психолог толықтырып отырды. Семинар тренинг өз алдына қойған мақсатына жетті. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып талды гүлдендірді.
