29
сәуір
2025
«Менің мамандығым өмірге жолдамам»
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде 3-4 сыныптар арасында " Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіби бағдар- бүгіні мен болашағы" атты айлығының іс- шаралар жоспарына сай «Менің мамандығым өмірге жолдамам» тақырыбында дискуссиялық алаң өткізілді. Мақсаты – оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына ата-ананың ықпалын түсіндіру, кәсіптік бағдар беру және ата-аналар мен балалар арасында ашық пікір алмасуға жағдай жасау.
Дискуссия барысында мектеп психологы мамандық таңдаудың жасөспірімдер үшін маңыздылығы туралы баяндама жасап, ата-ананың қолдауының рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Оқушылар өздерін қызықтыратын мамандықтар туралы айтып, ата-аналарының кеңестерін тыңдады. Іс-шара сұрақ-жауап, пікірталас түрінде өтіп, қорытындысында қатысушыларға мамандық таңдаудағы маңызды факторлар туралы нұсқаулықтар ұсынылды.
