15
қараша
2021
"Smart педагог" байқауы

2021-2022 оқу жылында Жалпы білім беретін жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп мұғалімдері үшін, орта білім беру мазмұнын жаңарту негіздерінің бірі, үштілді білім беруде заманауи CLIL әдісін белсенді қолдану өте тиімді. “CLIL әдісі: арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде
пән мен тілді кіріктіре оқыту” .
Ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту арқылы оқушыларды білім алуға қызығушылықтарын арттыруға, оларды ғылыми тіл дағдыларын дамытуға, жаратылыстану бағыты пәндерінің терминдерін ана тілінде ғана емес, ағылшын тіліндегі баламасын қолдануға және олардың ағылшын тілінде сауатты түрде «Үштілділік» ұлттық жоба аясында білімін дамытуға болады. Осы негізде «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы» аясында 2021-2022 отқу жылында биология пәнінен CLIL технологиясы бойынша курстан өткен пән мұғалімдері арасында аудандық "Smart педагог" байқауына №34 ЖОББМ биология пәні мұғалімі Г. Сабырханова қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.