09
наурыз
2022
ББЖМ бойынша пәндердің спецификациясы тақырыбында оқыту семинары
№ 34 ЖОББМ директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ақылбаева пән мұғалімдерімен 2021-2022 оқу жылындағы ББЖМ бойынша пәндердің спецификациясы тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарда білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығына сәйкес білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторинг жүргізу тәртібі мен пәндердің спецификациялары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ББЖМ 4 және 9 сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт:





ББЖМ 4 және 9 сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт:
- Оқу сауаттылығы;
- Математикалық сауаттылық;
- Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бағыттары бойынша жүргізіледі.





