02
қараша
2022
"Отбасы- орта мектеп" жобасы аясында ата-аналармен жұмыс
Мектепте "Отбасы- орта мектеп" жобасы аясында ата-аналармен жұмыс жоспарында тоқсанына 1 рет ата -аналар жиналысын өткізу жоспарланған. Осыған орай 2022 жылдың 2 қараша күні мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде:
1. І тоқсандағы оқу үлгерімі мен тәртібі
2. "Отбасындағы қатыгездік" таныстырылым
3."Отбасы құндылықтарын ілгерілету және нығайту" пікір алмасу
4. Әр түрлі мәселелер қаралды. Ата-аналар жиналысы ең бірінші әсем гүлдер арқылы топқа бөліп, психологиялық жақсы атмосфера құру арқылы басталды. Жиналыс барысында мектеп директоры Е.Далиев жалпы мектептегі білім алушылардың оқу үлгерімі және тәртібі туралы айтты. ДОТІЖО А.Ақылбаева ата- аналарға сыныптардағы білім сапасын таныстырды. Мектеп психологі Г.Нурмаханбетова отбасындағы қатыгездік және оның түрлері туралы таныстырып, "Қатыгездік қайдан пайда болады?, "Сіздің ойыңызша бала қандай болу керек? - сұрақтары арқылы постер қорғатып, ой бөлісті. ДТЖО А.Ертаева отбасы құндылықтары, оның бала тәрбиесіндегі рөлі бойынша ата-аналармен пікір алмасу жүргізді. Ата-аналармен бірге отбасы құндылықтарының 10 ережесін құрастырды. Сонымен қатар, жиналыс барысында балалардың қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.