07
қазан
2022
"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" байқауы
Мектепте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен 2022 жылдың 7 қазан күні "ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Мақсаты: парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық достық қарым-қатынасты нығайту, парасатты тұлғаны дамыту. Отбасы-әр балаға үлкен өмірге есік ашатын негізгі орын. Отбасында өнеге, үлгі көріп, бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өскен балалар ертең еліміздің баянды болашағының кепілі болмақ. Парасатты отбасыдан шыққан ұрпақ ертең еліміздің жақсы азаматы болады. Осы орайда мектепішілік байқауға 6 отбасы қатысып өз өнерлерін көрсетті. Байқау 2 бөлімнен:
1.Отбасын таныстыру
2.Өнер сайысынан тұрды.
Байқауда мектеп директоры Е.А.Далиев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз сөзінде тәрбиенің бастауы отбасынан басталатынын, отбасында баланың бойында адамгершілік қасиеті артып, Отанға деген сүйіспеншілік құндылықтары дамитынын баса айтты.
Қорытындылай келе тартысты өткен өнер мен өнегенің, бірлік пен біліктіліктің байқауында әділқазылар шешімі мен "Интеллектуалды отбасы" номинациясы мен Тайжановтар отбасы, "Шығармашыл отбасы" номинациясы мен Айтымбетовтар (3-сынып) отбасы, "Өнерлі отбасы" номинациясымен Нұралбековтар отбасы марапатталды. Жүлделі ІІ орынды Жатеевтер отбасы, І орынды Билібаевтар отбасы иеленсе, "Бас жүлдені" Айтымбетовтар (4 сынып) отбасы иеленіп аудандық кезеңге жолдама алды.




