05
қыркүйек
2025
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында жиналыс
№34 ЖОББМ-де 2025 жылдың 5 қыркүйек күні 5-11 сынып қыздарының қатысуымен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында жиналыс өтті. Мақсаты: қыз балалардың ұлттық тәрбиесін нығайту, қыз балаға тән әдеп пен мәдениетті, инабаттылықты қалыптастыру. Жиналыс барысында ДТЖО А.Ертаева оқушыларға қыз баланың жеке гигиенасы, мектеп формасының сақталуы, қыз баланың қоғамдағы, отбасындағы орны туралы түсінік беріліп, қазақтың қыз балаға қойған тәрбиелік талаптары мен ұлттық дәстүрлері айтылды. Мектеп психологы қыз балалардың тұлғалық дамуы, өзін-өзі бағалауы, сыртқы ортамен қарым-қатынасы туралы "Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан" тақырыбында тренинг жүргізіп, кеңес берді. Сонымен қатар, әдеп, киім кию мәдениеті, киберқауіпсіздік, жасөспірім кезеңіндегі қиындықтар туралы мәселелер қозғалды. Қыз балалар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Мектеп әкімшілігі тарапынан тиісті ережелер мен ұсыныстар айтылды. Жиналыс тәрбиелік мәні жоғары іс-шара ретінде қыз балаларға мотивация беріп, ұлттық құндылықтарымызды қадірлеуге, өздерін дұрыс ұстауға, сыпайылық пен инабаттылықты бойына сіңіруге ықпал етті.
![]() | ![]() |