«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»
01
қыркүйек
2025

«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»

Бүгінгі күн  1 – қыркүйек, Білім күні мерекесі егеменді еліміздің барлық білім ордаларында мерекеленуде. Осы орайда мектебімізде «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»  тақырыбында 1,9,11-сынып білім алушыларының қатысуымен салтанатты жиын  өткізілді. Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру. Салтанатты жиынға қатысушылар сапқа тұрғызылып, ҚР-ң мемлекеттік Гимні орындалды.  Мектеп директоры К.А.Боржуков барша  ұстаздарды және мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-сынып бүлдіршіндерін жаңа оқу жылымен құттықтай отырып,  шын жүректен баршаңызға бейбітшілік, зор денсаулық, жаңа табыс, жеміс тілейтінін жеткізді. Салтанатты жиынға қатысушы қонақтарымыз Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері А.Сейсебай мен ардагер ұстаздарымызда өз құттықтауларын білдіріп, 1-сынып бүлдіршіндеріне "Әліппе" оқулығын табыстады.  Биыл ойшыл ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай мектебіміздің білім алушылары Абай атамыздың  өмір жолынан үзінді қойылым қойып, қара сөздері мен өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып білім алушылары "Қоңырау" әнін орындап, жыр шумақтарын арнап, "Әліппе" биін нақышына келтіріп билеп, алғашқы қоңырау соғылды. Биылғы 1-сынып бүлдіршіндерінің  алғашқы қадамдары құтты болып,  алтын ұя мектебінде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қарауына тілектеспіз. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив