АТА-АНАЛАРҒА ҮНДЕУ » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » АТА-АНАЛАРҒА ҮНДЕУ
06
тамыз
2025

АТА-АНАЛАРҒА ҮНДЕУ

АТА-АНАЛАРҒА ҮНДЕУ
Құрметті ата-аналар!
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия кәмелетке толмаған балалардың кешкі және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүру фактілерінің жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді.
Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың 
27-29 шілде күндері аралығында өткен «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық рейді шеңберінде 8 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда:
- 705ата-ана бала тәрбиесіне қатысты ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды;
- 176 ұсақ бұзақылық тіркелді;
- түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында және көшеде болуына жол бергені үшін 6,8 мың ата-ана мен 170 кәсіпкерге шара қолданылды.
Бұл фактілер балаларға қатысты құқық бұзушылықтарға алып келуі мүмкін еді. Осыған байланысты полиция органдары тарапынан олардың алдын алуға бағытталған шаралар қабылданды.
Ата-аналар мен кәмелетке толмағандардыңзаңды өкілдеріне үндеу тастаймыз: балалардың қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің артуына байланысты, олардыңқайда жүргенін бақылауға алып, жеке қадағалауды күшейтулеріңізді сұраймыз.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілінің ілесуінсіз көшеде жүруіне тыйым салынады. Бұл талаптың бұзылуы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады және кейбір жағдайларда орны толмас қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін – баланың да, отбасының да тағдырына әсер етуі ықтимал.
Кешкі және түнгі уақытта көшеде жүрген балалар, әсіресе теріс пиғылды ортаның ықпалына түссе, мынадай қатерлерге тап болуы мүмкін: құқық бұзушылық, бейәлеуметтік топтарға тартылу, қайғылы оқиғалар және зорлық-зомбылық.
Сіздерден өтініш:
• балаңыздың қайда және кіммен жүргенін күнделікті біліп отырыңыздар;
• оның түнгі уақытта қараусыз көшеде жүруіне жол бермеңіздер;
• балаңызбен жеке қауіпсіздік, жауапкершілік және заңға құрмет туралы жиі сөйлесіп отырыңыздар.
Отбасы – тәрбиенің алғашқы және ең маңызды ошағы. Балалардың бойында тәртіптілік, әлеуметтік жауапкершілік пен құқықтық сана тек ата-
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив