08
қыркүйек
2023
«Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Мектепте 2023 жылдың 7-9 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу. Осыған орай 8 қыркүйек күні "Бала қауіпсіздігі басты назарда" тақырыбында ата аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп инспекторы А.Алишев, участкавой М.Укибасов, Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері Д.Көшербаев және мектеп директоры К.Боржуков қатысты. Жиналыста 1.Жасөспірымдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу
2. Зорлық зомбылық, буллинг, кибербуллинг
3.Жол көлік оқиғасының алдын алу, жол ережелері
Сонымен қатар ата-аналарға мектеп айналасындағы қауіпті аймақтар туралы айтылып, көкпар ойыны барысында барынша балалардың қауіпсіздігі сақталу керектігін ескертті. Барлық қауіпсіздік шараларын сақтау балалардың амандығы екендігін ескертеміз.

