19
мамыр
2025
"Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет" тақырыбында тәрбие сағаты
№34 жоббм 6- сынып білім алушыларымен "Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіру, үлкендерді сыйлау, кішіге қамқор болу сияқты адамгершілік қасиеттерді дамыту.
Сынып жетекшісі оқушыларға үлкен кісіге көмек көрсету, көшеде немесе қоғамдық көлікте орын беру, ата-ананы сыйлау, кішіге қамқор болу жайлы әңгімелеп, өмірден алынған мысалдар келтірді.
