19
мамыр
2025
"Үлкенге құрмет,кішіге ізет"
№34 ЖОББМ 11-сынып оқушылары "Үлкенге құрмет,кішіге ізет" тақырыбында тәрбие сағатын өтті.Мақсаты: оқушыларға ұлттық дәстүрдегі үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету тәрбиесін ұғындыру;қарым-қатынас мәдениетін ұғындыру;қоғамдағы сыйластық пен жауапкершілік ұғымдарын қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар үлкенге құрмет туралы өз пікірлерін ашық жеткізіп,жақсылық жасаудың жолдарын ұғынды.Атап айтқанда әр оқушыға жеке жұмыс беріліп:
"Үлкенге құрмет көрсету жолдары"
"Кішіге ізет таныту мысалдары"
"Сыйластық-адамдық белгісі" тақырыбында көрініс немесе эссе жазып оқушылар кестемен жұмыс жасады.Сабақ соңында сынып жетекшісі: Муртазаева Г.Б "Біз үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсеттік,қоғамда сыйластық орнайды.Бұл-біздің ата бабадан келе жатқан асыл мұрамыз.Осыны ұмытпайық!"-деп аяқтады.
