08
желтоқсан
2023
Өнерлі ұстаз, талантты шәкірт" тақырыбында сынып жетекшімен шәкірт арасында ән байқауы
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында тәрбие жоспарына сай "Өнерлі ұстаз, талантты шәкірт" тақырыбында сынып жетекшімен шәкірт арасында ән байқауы өтті. Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Осы орйда мектебімізде өткен ән байқауының мақсаты: Қазақстанның Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай мектептің рухани-мәдени өміріне жаңа серпін бере отырып, ұстазбен шәкірт арасындағы тығыз байланыстың дамуына үлес қосу. Ән байқауында қатысушылар композиторлардың және эстрадалық жанрдағы әнді орындады. Байқау нәтижесінде қатысушылар жүлделі І,ІІ,ІІІ орындар мен номинациялар беріліп, бағалы сыйлықтар табысталды. Байқауға демеушілік көрсеткен мектебіміздің жомарт түлектеріне алғыс білдіреміз!!!

