17
наурыз
2025
«Адал ұрпақ – елдің болашағы»
10- сынып білімалушыларымен «Адал ұрпақ – елдің болашағы» — бұл жастарды адалдыққа, патриотизмге, азаматтық жауапкершілікке, еліміздің дамуына өз үлесін қосуға тәрбиелейтін маңызды зор. Бұл сынып сағатта оқушыларға қоғамдағы адалдық пен әділдікке негізделген моральдық құндылықтарды үйрету мақсатында ұлттық рух, адамгершілік қасиеттер, өзара сенім мен құрметке мән беріледі.
Адал ұрпақ тәрбие сағатының негізгі мақсаты — жас ұрпаққа дұрыс жол көрсетіп, оларды дұрыс шешімдер қабылдауға үйрету. Адалдық, еңбекқорлық, әділдік, тәртіп, жанашырлық, өз Отанын сүю сияқты ұғымдар оқушыларға түсіндіріліп, олардың әрқайсысының өмірінде маңызды рөл атқаратыны айтылады.
Бұл тәрбие сағатының барысында оқушыларға:
1. Адамгершілік қасиеттерді дамыту;
2. Өз Отанын сүю және оны дамытуға атсалысу;
3. Әділдік, адалдық ұғымдарының маңызы туралы түсінік беру;
4. Жастарды қоғамға пайдалы азамат етіп тәрбиелеу.
"Адал ұрпақ – елдің болашағы" тәрбие сағаты еліміздің жарқын болашағын қалыптастыру үшін жас ұрпақтың адами құндылықтары мен қасиеттеріне ерекше назар аударады. Сынып жетекшісі:Абдукадирова Жанна Мухаметкалиевна
