08
желтоқсан
2023
"Төле би-тура би,сөз сардары" тақырыбында адалдық сағаты
N34 жалпы білім беретін мектебінде
"Біртұтас " тәрбие бағдарламасы аясында 3-сыныпта сынып жетекшісі Б.Султанбаева
"Төле би-тура би,сөз сардары"
тақырыбында адалдық сағаты өтілді.Мақсаты:
Қазақтың қоғам қайраткері,атағы жер жарған шешен,ұлы жүздің бас биі,"Жеті жарғы жасаушылардың бірі"Төле би Әлібекұлы туралы білімдерін дамыту,еліне адал,ісіне берік болуға тәрбиелеу.Сынып жетекшісі Төле бидің өмірбаянымен таныстырды.
Шешендік сөздерінен ел мұратына деген кіршіксіз адалдық,қара қылды қақ жарған әділдігі бүгінгі ұрпаққа өнеге болатынын атап өтті.


