27
қаңтар
2023
Ата- аналар жиналысы
N34 ЖОББМ 27 қантар айында 2023 жылы 9- сынып білім алушыларымен сынып жетекші: Муртазаева Г. Б. мен мектеп директоры: Далиев Е. А. ата-аналар жиналысын өткізді. Ата- аналар жиналысының мақсаты: ата- ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Ата- аналардың мектеппен тұрақты қарым- қатынасын қалыптастыру, мектеппен қарым- қатынастын тиімді моделдерін іздестіру. Ата- аналар жиналысының өзекті мәселелерінің бірі қорытынды аттестаттау сұрағы болды. Мектеп директоры қорытынды аттестаттау-бүл мемлекеттік бітіру емтиханы екенін айтты. Негізгі білім бітірушілердің қорытынды аттестаттауға жауапкершылікпен қарауын ата- аналарға және оқушыларға ескертті. 9- сынып білім алушыларын ата-аналар тарапынан оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындыққа келуін қамтамасыз етіп, кестеге сай, уақтылы қатыстыруына және үйде қадағалау жөнінде ұсыныс айтылды.
