28
мамыр
2022
Қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттау емтиханы
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде 9-сынып білім алушылары 28 мамыр 2022 жылы қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттау емтиханын өткізді. Қорытынды аттестаттау ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына және «2021-2022 оқу жылын аяқтау және орта білім ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімідерін бекіту туралы» 2022 жылы 20 сәуірдегі №159 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Білім алушылардың балдары бағаға айналдыру шәкіліне сәйкес бағаға ауыстырылды. Бағалау міндеттері коммуникативтік құзырлық және тілдік құзырлықты бағалау балл қою кестесіне (спецификациядағы) сай жүргізілді.

