09
маусым
2022
"Біз бала еңбегін қанауға қарсымыз" тақырыбында дөңгелек үстел
#34ЖОББМ психологы:Г.Нурмаханбетова 8-10 сынып оқушыларымен "Біз бала еңбегін қанауға қарсымыз" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелді мектеп директоры: Е.Далиев ашып, бала еңбегінің пайда болуына әкелетін факторлар мен бала еңбегін пайдалану салалары мен нысандары туралы ақпарат беріп өтті. Келесі кезеңде білім алушылармен бала еңбегінің себептері болып табылатын проблемалар, аптасына қанша сағат жұмыс істеуге болатындығы, еңбек шарты қай жастан жасалатындығын т.б әртүрлі сұрақтар төңірегінде пікір алмасты.
