30
қараша
2022
" Ахмет мұрасы " атты аудандық интеллектуалдық ойын
Меркі аудандық білім бөлімінің қосымша білім беру мекемесі Оқушылар"Үміт" сарайында ,30.11.2022 жылы, аудандық " Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдық мерейтойына орай " Ахмет мұрасы " атты аудандық интеллектуалдық ойын өткізілді.
Қазақ халқының рухани көсемі,ұлт ұстазы, қоғам қайраткері, педагог Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы жас ұрпаққа насихаттау, таныстыру,өнерін дәріптеу, мәдени тұлғаны қалыптастыру, өскелең ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында болып өтті.
Интеллектуалдық ойын шарттары бойынша 8 сынып жасұланшысы қатысты.
Ойын 3 бөлімге, Қазақ халқының салт-дәстүрлерінен, мектеп бағдарламасындағы гуманитарлық пәндерден, суреттер арқылы мақал мәтелдер құрау сияқты кезеңдерден тұрды.