22
қыркүйек
2022
"Мұхтар мұрасы" атты аудандық мәнерлеп оқу байқауы
Меркі аудандық білім бөлімінің қосымша білім беру мекемесі Оқушылар"Үміт" сарайында, "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен,М. Әуезовтің 125 жылдығына арналған "Мұхтар мұрасы" атты аудандық мәнерлеп оқу байқауы болып өтті.
Байқау- қазақ әдебиетінің классигі,қоғам қайраткері, М. Әуезовтың шығармаларынан үзінді оқу және жас ақындарымыздың кемеңгер жазушыға арналған өлеңдерін қазылар алқасына паш ету мақсатында 2 бағытта өткізілді.
Нәтижесінде: "Көркемсөз оқу" бағытында, 8-11 жас бойынша, Асимбек Сания 1 орын, Райымқұл Айбар мен Асқар Айша 2 орын, Темірхан Жанайым мен Нуриддин Айару иеленді.
12-16 жас аралығында Тоқтағұл Аруна 1орын, Асқар Ерасыл,Пермебай Айғаным 2 орын, Асқарұлы Бексұлтан, Сабыралы Шапағат 3 орын алды.
" Жас ақындар мүшәйрасы" бағыты бойынша ,8-11жастан Қошығұл Айару 2 орын,Әжіхан Айбану 3 орын алды.
Жетекшісі: Қайратқызы Бағдат