11
сәуір
2022
"Мен және менің полицейім" республикалық акциясы
Аудандық білім бөлімінің 22 жыл 11 сәуірдегі #461 хатына сәйкес мектепте "Мен және менің полицейім" республикалық акциясы аясында мектеп инспекторы А. Алишев 6,9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындарда және жолдарда мінез -құлық қағидалары, бейтаныс адамдармен қарым -қатынас кезіндегі мінез-құлық қағидалары, ерте жүктіліктің алдын алу, нашақорлықтың, өзіне -өзі қол жұмсаудың алдын алу мәселелері туралы әңгімелеу, кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
