22
наурыз
2022
Тұрлыбай батыр ауылында Наурыз мерекесі
Ағымдағы жылдың 22 наурыз күні Тұрлыбай батыр ауылында Наурыз мерекесін ауыл -аймақ болып атап өтті. Ауыл іргесінде киіз үйлер тігіліп, алтыбақан орнатылды. Ауыл тұрғындары ұлттық киімдерін киіп салтанаттың сәнін кіргізді. Мерекеге орай дастархан жайылып, наурыз көже дайындалды. Ауыл ақсақалдары С. Билібаев пен Ж. Айтимбетов ауыл тұрғындарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап мерекенің шымылдығын ашты. Ауыл имамы Алтынбек молда мерекелік дастарханға бата берді. Мектеп оқушылары ән айтып, би биледі. Мерекені ауыл тұрғындарының "Тұсау кесу", "Көрісу амалы", "Бесікке салу" ұлттық салт -дәстүрлерді сахналауы одан әрі қыздыра түсті. Сондай ақ ауыл жастары арасында өткен түрлі ұлттық спорт ойындары да қатысушылар мен көрермендерге көтерінкі көңіл - кдомсыйлады
