14
наурыз
2022
"Көрісу амалы" күні мерекесі
2022 жылдың 14 наурыз күні 34 ЖОББМ "Көрісу амалы" күні мерекесі аталып өтілді. Мектеп ұжымы ұлттық киімдерін киіп келіп, қыстан аман шығып, жаңа жылдың күлімдеген көктеміне жеткендеріне ризалықтарын көрсетіп, бір бірін айтулы мерекемен құттықтап, көрісіп, мерекенің сәнін кіргізді.
Бұл дәстүрлі көрісу, яғни жыл жаңарғандағы бірінші кездесу, адамдардың былтырдан бергі бірінші көріскен күні. Осы күннен бастап былтырдан бері көріспеген адамдар бір-бірімен қол беріп, үлкен адамдар құшақтасып, төс түйістіріп, амандасып, көрісу ырымын жасайды. Үлкені кішісіне міндетті түрде «Жас қайырлы болсын!» айтады. Яғни «жалпы қауымға жаңа жыл келді, адамдарға бір жас қосылды, осы жас қайырлы болып келсін, келер жылға аман-есен жетейік» деген тілеу. Ал, өткен жылдан бері кездеспеген адамдар қашан кездессе де (наурыз басталғаннан кейін апта, ай өтуі мүмкін) бір рет көрісуі шарт.