"Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз" атты кітап көрмесі » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз" атты кітап көрмесі
18
наурыз
2022

"Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз" атты кітап көрмесі

Наурыз мерекесін мерекелеу іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп фойесінде кітапханашы Г. Акимбекова "Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз" атты кітап көрмесін ұйымдастырды. 2001 жылдан бері Наурыз мемлекеттік мейрам ретінде жарияланған Наурызды “Ұлыстың Ұлы күні” деп те атайды. Бұл мейрамды берекелі етіп тойласа үйге ырыс пен бақ келеді деп сенген. Ұлыс күнi татулық тойы, шаруа, ынтымақ, сенiм, көңiл мерекесi. 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Кітап көрмесінде ұсынылған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Наурызнама», «Ас атасы нан», «Қазақ халқының дәстүрлері той-мереке, сауық-сайран», «Ұлттық ойын тамашалары», «Қазақтың ұлттық тағамдары», т.б кітаптарында табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да жаңаруы туралы және адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жаратыны туралы айтылған. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады. Осындай салт-дәстүр – халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі. Көрмеге қойылған кітаптар мен газет-журнал бетіндегі мол мағлұматтар қатысушылардың өз халқының мәдениеті мен этнографиясын танып білгісі келетін әркімге пайдасы мол болмақ. Көрмеге 11 кітап, 5 мерзімді басылым қойылды
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив