05
наурыз
2022
"Көктем аруы -2022" байқауы
8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектепте 8-9-10 сынып қыздары арасында "Көктем аруы -2022" байқауы өтті. байқауға қатысушы сұлулар сөз саптау, өзін таныстыру, өнер, ас дайындау ою ою және сән үлгісін көрсету кезеңі бойынша сайысқа түсіп, өз өнерлерін көрсетті. Әр ару өзін ұлттық салт- дәстүрді білетіндігін, биязы мінезі мен қазақ қызына тән нәзіктігін көрерменге жеткізуге тырысты. Байқау қорытындысы бойынша "Көктем аруы -2022" атағын 9-сынып оқушысы Алтынбекқызы С. иеленді. Қамай Ж. мен Исырайыл Д. ІІ орынды бөлісті.
