06
желтоқсан
2024
"Қатыгездіксіз және зорлық- зомбылықсыз балалық шақ"
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылы 25-10 желтоқсан аралығында "Қатыгездіксіз және зорлық- зомбылықсыз балалық шақ" жоспарына сай 11- сынып жетекшісі Муртазаева Гульнара Бекеновна " Қазақстандағы Отбасы институты және оның құндылықтары" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: отбасы құндылығы туралы түсініктерін, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге үйрету. Ата- ана және бала қарым-қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы екенін түсіну. Сабақ барысында оқушылар отбасы- адам баласының діңгегі, өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен осында ер жетіп, отбасынан тәрбие алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі екенін оқушылар ұқты. Отбасы жарастығы татулық, бірлік, сыйластық, адалдық, сүйіспеншілік, келісім деген құндылықтардан тұратынын ұқты, сонымен қатар отбасылық құндылықтар ата- аналық рөлдері мен міндеттері талқыланды. Қазақстандағы отбасы институтының ерекшеліктері айтылды. Ол дәстүрлі құндылықтар, ата- бабамыздан келе жатқан салт- дәстүрлерді сақтауы. Ынтымақтастық құндылығы- отбасы мүшелері бір- біріне қолдау көрсетуі, бір- біріне деген жауапкершілік сезімі күшейуі. Ата- аналық жауапкершілігінің жоғары болуы оқушыларға айтылды. Сонымен қатар Қазақстандағы отбасылық тәрбиенің өзекті мәселелеріне тоқталды: ол отбасылық зорлық - зомбылық, дәстүрлі құндылықтардың әлсіреуі, бопсалауы, буллинг, кибербуллинг мәселелері туралы оқушылармен талқылау жұмыстарын жүргізді. Қорытындылай келе оқушылар отбасылық құндылық ағашын құрды.
