11
қараша
2024
“Ұлттық валюта - теңге” тақырыбында тәрбие сағаты
№34 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 сынып білім алушыларымен “Ұлттық валюта - теңге” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге туралы түсінік беру, оның пайда болу тарихын, маңызын, қолданылу саласын таныстыру, ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру және экономикалық білімдерін кеңейту. Сонымен қатар, оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін дамыту, өз еліне, мәдениетіне және ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында “ Бейтаныс адамның шақыруынан қалай сенімді және қауіпсіз бас тартуға болады?” тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.Сабақтың мақсаты: балаларға бейтаныс адамдар алдауға немесе оларды алып кетуге тырысатын жағдайлардағы қауіпсіз мінез-құлық негіздерін үйрету.
Міндеттері:
1. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасаудың негізгі қағидаларымен таныстыру;
2. Балаларды бейтаныс адамдардың айла-амалдарына сенбеуге үйрету.
3. Қауіпті жағдайларды анықтау және болдырмау дағдыларын дамыту.
